Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Автожол мамандықтары арасында кәсіптік бағдар беру жобасы басталды

Жарияланған күні:

кәсіптік бағдар беру жобасы бастау алды
Фото: ҚазАвтоЖол

Бүгінде еліміздің республикалық маңызы бар 25 мың шақырым  автомобиль жолының 19,5 мың шақырымында күнделікті күтіп-ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл жұмыстар аясында жолдарды сақтап қалу және қауіпсіздік пен үздіксіздікті қамтамасыз етуге барлығы 4000-ға жуық маман жұмылдырылған.

Ал кәсіптік бағдар беру жобасы жол саласындағы заманауи технологияларды игере отырып, техникалық оқу бағыты бойынша жас мамандарды тартуды көздеп отыр. Аталған іс-шара Қазақстанның барлық өңірін қамтиды.

Жол саласының мемлекетті стратегиялық маңызы бар екені баршаға мәлім. Олар: жолаушыларды тасымалдау, автотасымалдау, жүк тасымалы және логистика. Бұл кез келген мемлекет үшін өте күрделі және жоғары қарқынды аспект.

Жол саласына қатысты қойылған ең басты міндеттердің бірі қауіпсіздік пен үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету. Бұл ауқымды сала тек жауапкершілікті ғана емес, батылдықты да қажет етеді.

"ҚазАвтоЖол" адамдарға, олардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігіне қызмет етіп, игі іс атқаруға дайын жас түлектер компания қатарына қосылады деп күтуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995222-avtozol-mamandyqtary-arasynda-kasiptik-bagdar-beru-zobasy-bastaldy/