Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Қызылордада тәнін сататын еркектер көбейген

Опубликовано:

Ер жігіт
Көрнекі сурет: pixabay.com

Елімізде әлеуметтік желілер арқылы интимді қызмет ұсынатын ер азаматтар көбейген. Бұл нарық бүгінде қыздардан бөлек жігіттердің қызметімен толықты, деп хабарлайды Opennews.kz.

"Қызылордада ақшаға сатылатын еркектер туралы ақпараттық сайттар бар. Оған тіркелгендер қатары жетіп-артылады, бәсекелестік қызып тұр. (...) Мәселен, бір сайттың өзінде 500-ден аса еркек интимді қызмет көрсетеді екен. Әсіресе, 20 мен 40 жас аралығындағы жігіттер. Интимдік қызметінің сағатын саудалайтын жігіттер сан түрлі қызмет түрін ұсынады", - деп жазды басылым.

Әлеуметтік желіде тәнін саудалайтындардың прайсы тайға таңба басқандай жазылып тұр.

"Тәнін саудаға салатын жігіттердің көбісі бұл кәсіппен қосымша табыс табу үшін айналысады. Негізгі жұмыс ретінде күнін көріп отырғандар да бар. Ең сорақысы хабарласқан қыз-келіншектер үшін жыныс мүшесінің көлемі маңызды екен. Көбіне 30 бен 50 жас аралығындағы әйелдер қызмет алатыны белгілі болды", - деп хабарланған сайтта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995224-qosymsa-tabys-retinde-koredi-qyzylordada-tanin-satatyn-erkekter-kobeigen/

pixel