Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында экскаватордың шөміші тиген жұмысшы мерт болды

Опубликовано:

Экскаватор
Экскаватор. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысында жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биылғы 27 қазанда Целиноград аудандық полиция бөліміне кәсіпорындардың бірінің қызметкері қоңырау шалған.

Оның айтуынша, Ақмол ауылында кәріз құбырларын төсеу объектісінде экскаватор жүргізушісі жұмыс кезінде абайсызда әріптесін экскаватор шөмішімен жарақаттап алған.

Салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды.

Осы фактіге сәйкес полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігі "Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995327-aqmola-oblysynda-ekskavatordyn-somisi-tigen-zumyssy-mert-boldy/

pixel