Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен бала апатқа ұшырап, досы қаза тапты

Жарияланған күні:

Жол апатына түскен көлік
Жол апатына түскен көлік. Фото: Жамбыл облыстық ПД

Жамбыл облысында 15 жастағы жасөспірім әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап әкетіп, жол апатына ұшырады. Көлік ішіндегі кәмелеттік жасқа толмаған үш баланың біреуі оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство жол апаты 1 қараша күні сағат 21:30-да Тараз-Айша-Бибі автожолының 1-шақырымында болғанын хабарлады.

"15 жастағы жасөспірім Айша-Бибі ауылынан Таразға қарай бағыт алып келе жатқан. Ол рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы жолағына шығып, ағашпен соқтығысқан", - деді Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.

Салонда жасөспірімнен бөлек, кәмелет жасқа толмаған үш бала болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 14 жастағы жолаушы алған жарақаттары салдарынан қаза тапты.

Көлік жүргізушісі мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

"Баланың ата-ана рұқсатынсыз үйден әкесінің көлігінің кілтін алып шыққаны белгілі болды", - деді өңірлік ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995459-zambyl-oblysynda-akesinin-koligin-ruqsatsyz-aidap-ketken-bala-apatqa-usyrap-dosy-qaza-tapty/