Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Заңды қаталдатуға дайынбыз": "Арселор Миттал" шахтасында он жыл ішінде 23 апат тіркелген

Опубликовано:

Шахта
Шахта. Фото: egemen.kz

"Арселор Миттал" шахтасында соңғы он жылда 23 апат тіркелген. Апат салдарынан 43 адам зардап шегіп, 19-ы бақилық болыпты. Бұл 2006 жылдардағы ірі апаттан көз жұмған 71 адамды есептемегендегі статистика, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қайғылы жағдайдың жыл сайын қайталанып жатқанына алаңдаған сенаторлар үкіметтен нақты шаралар қабылдауды талап етті.

Тек соңғы тексеру жұмыстары кезінде мұнда 2400-ге тарта заңбұзушылық тіркелген екен. Ал компания тек 18 жарым миллион теңге айыппұл төлеп құтылған.

"Өкінішке қарай, осындай жағдайлар болған кәсіпорын иелеріне, акционерлеріне белгілі бір сұрақтар бар. Әрі қарай басшылық пен акционерлер өз кенішінде, өндіріс орындарында, кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілуі үшін ең қажетті шара қабылдауы керек деп есептеймін. Депутаттар тарапынан, Сенат тарапынан біз бұл мәселені бақылауға аламыз. Заңды қатайтуға дайынбыз", - деді сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995695-zandy-qataldatuga-daiynbyz-arselor-mittal-saxtasynda-on-zyl-isinde-23-apat-tirkelgen/

pixel