Қар, жаңбыр, қатты жел: Бүгін Қазақстан мегаполистерінде ауа райы қандай болады
Опубликовано:

Синоптиктер жұма, 4 қарашаға қатысты ауа райы болжамын ұсынды. Өзекті мәліметтер "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланды.
Мамандар мәліметінше, бүгін Алматыда жауын-шашын болмайды, термометр бағаны +11...+13 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік астанада жел жылдамдығы секундына 2 метрден 7 метрге дейін құрайды.
Ал Астанада қар аралас жаңбыр жауады. Жел жылдамдығы секундына 9-14 метр болады. Елордада ауа температурасы +4...+6 градусты құрайды.
Бүгін Шымкентте де жауын-шашын күтіледі. Бірақ термометр бағаны +13...+15 градусты көрсетеді. Қалада жел секундына 8-13 метр ұйытқиды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995700-qar-zanbyr-qatty-zl-bugin-qazaqstan-megapolisterinde-aua-raiy-qandai-bolady/