Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде жаңа кәсіби мереке бекітілді

Опубликовано:

күнтізбе
Күнтізбе. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда жаңа кәсіби мереке бекітілді. Енді жыл сайын 10 қараша елімізде Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні аталып өтілетін болады, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

"Қазақстанда 10 қарашада Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні аталып өтіледі.

Премьер-министр Әлихан Смайылов "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" тиісті қаулыға қол қойды.

Осыған байланысты 17 мамырда аталып өтілетін Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні мерекесі Байланыс қызметкерлері күні болып өзгертілді ", - делінген ресми хабарламада.

Жаңа кәсіби мерекені бекітуге сала қызметкерлерін қолдау мақсатында еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бастамашы болған.

Министрліктің мәліметінше, бүгінде бұл саладағы мамандардың жалпы саны 155 мыңнан аса адамды құрайды.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995800-elimizde-zana-kasibi-mereke-bekitildi/

pixel