Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда лифт тросы үзіліп, бір адам көз жұмды

Опубликовано:

Лифт
Лифт. Фото: pexels.com

Павлодар қаласында тоғыз қабатты үйде лифтіні жөндеу жұмыстары кезінде трос үзіліп, салдарынан шахтаға құлаған 39 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, марқұм 8-ші қабаттан құлаған.

"4 қарашада Петропавл қаласының полиция басқармасына Жұмабаев көшесіндегі тоғыз қабатты үйде лифтіге күрделі жөндеу жүргізу кезінде трос үзіліп, салдарынан 8-ші қабаттың биіктігінен 39 жастағы ер адам шахтаға құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Ер адам алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді. Оқиға орнында Петропавл прокуратурасының және полиция басқармасы жедел-тергеу тобының қызметкерлері жұмыс істеуде", - деп хабарлады ведомства.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995845-pavlodarda-lift-trosy-uzilip-bir-adam-koz-zumdy/

pixel