Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлгінов Астанада салынып жатқан көпір құрылысын көрсетті (фото, видео)

Опубликовано:

Астанадағы көпір құрылысы
Астанадағы көпір құрылысы. Фото: instagram.com/altay_kulginov_official

Астанада ескі қаланы сол жағалаумен байланыстыратын автокөлік көпірі салынуда. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram желісіндегі ресми парақшасында салынып жатқан нысан құрылысын көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Есіл өзені арқылы өтетін Тәуелсіздік даңғылындағы көпір құрылысы 2023 жылы аяқталуы тиіс.

"Бұл көпір Тәуелсіздік даңғылы, жаңа теміржол вокзалы, Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Әзірет Сұлтан мешіті, Байтұрсынов көшесі, Қордай, Айнакөл, Момышұлы даңғылы мен сол жағалау арасындағы қосымша байланысты қамтамасыз етеді", - деді Алтай Көлгінов.

Елорда басшысының мәліметінше, осы айда А62 көшесінде (А91 көшесінен Астана-Қарағанды тас жолына дейінгі аралық) қозғалысты ашу жоспарланған.

"Бұл көше Қарағанды тас жолы, "Нұрлы Жол" теміржол вокзалы және қаланың сол жағалауы арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз етеді", - деді Көлгінов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995887-kolginov-astanada-salynyp-zatqan-kopirdin-qurylysyn-korsetti-foto-video/

pixel