Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында биыл туберкулезден 10 адам көз жұмды

Опубликовано:

Емханада кезекте тұрған науқастар
Емхана. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қызылорда облысында биыл 9 айда 330 адам туберкулезге шалдықса, аталған дерттен он адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облысында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, биыл облыста 9 айда туберкулезге шалдығудың 330 жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,6 пайызға артық. Олардың басым көпшілігі – тыныс алу жолдарының туберкулезі.

"Сырқаттанушылық деңгейі Жалағаш ауданында бір деңгейде қалыптасқан. Ал қалған аудандарда эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. Туберкулездің ашық түрімен ауырғандар 1,3 есеге жоғарылаған.

Індетке шалдыққандардың 66 пайызы әлеуметтік белсенді топтар, яғни 18 – 64 жас аралығындағы тұрғындар. Сырқаттанушылықтың 5,4 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар болса, 5,4 пайызы – жасөспірімдер арасында тіркелген", – деп мәлімдеді Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары.

Эпидемиологиялық талдау нәтижесі туберкулезге шалдығу көп жағдайда жұмыссыздар және зейнеткерлер арасында көп екенін көрсеткен.

"Аталған аурудан Қызылорда қаласында – 5, Байқоңырда – 2 адам көз жұмса, олардың саны аудандар бойынша Жалағаш, Қазалы мен Жаңақорғанда – 1 адамды құрайды.

Аурудың асқыну және өлім-жітім себептері ауыру қаупі жоғары "тәуекел" топтағы контингенттердің уақытылы флюрографиялық тексерілмеуі, ауру клиникасы пайда болғанымен тұрғындардың медициналық көмекке кеш жүгіну салдарынан болуы ықтимал", – деді аталған ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995910-qyzylorda-oblysynda-biyl-tuberkulezden-10-adam-koz-zumdy/

pixel