СҚО-да қарлы боран салдарынан Астана – Петропавл тас жолының бір бөлігі жабылды
Опубликовано:

Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты "Астана – Петропавл" тас жолының бір бөлігін уақытша жабуға тура келді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" компаниясының Instagram желісіндегі ресми парақшасы.
Ауа-райының күрт нашарлауына байланысты Солтүстік Қазақстан облысында көліктің барлық түрі үшін А-1 "Астана – Петропавл" автожолының 367-473 шақырымы аралығы (Келлеровка ауылынан Петропавл қаласына дейінгі учаске) жабылды.
Шектеу шаралары 5 қараша күні сағат 22:00-ден бастап енгізілді.
"Күре жолдағы ахуал ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының Солтүстік Қазақстан өңіріндегі филиалының бақылауында", – делінген хабарламда.
Қазіргі уақытта 20 бірлік арнайы техника мен 25 жолшы маман қызметте.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995913-sqo-da-qarly-boran-saldarynan-astana-petropavl-tas-zolynyn-bir-boligi-zabyldy/