Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналықтар мемлекеттік баспана аламыз деп алаяққа 45 миллион теңге беріп қойған

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алаяқ әйел астаналықтарды мемлекеттік баспана алып берем деп алдап кеткен. Жәбірленушілер 45 миллион теңгесін беріп қойған. Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Астана қалалық Полиция департаментінің ресми сайты.

Астана қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша, алаяқ әйел астаналықтарды мемлекеттік тұрғын үй алып беремін деп алдап кеткен.

Алматы қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 33 жастағы әйел ұсталды. Әйелдің Астана қаласының екі тұрғынынан 45 миллион теңге ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденіп алғаны анықталды.

"Мемлекеттік органның бұрынғы қызметкері болғандықтан және көптеген байланыстарына сілтеме жасай отырып, ол елорда тұрғындарына ақылы түрде мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесуге уәде берген. Күдікті жәбірленушілерден жалпы 45 миллион теңге болатын сыйақыны бөліп алған. Сонымен бірге, әйел олардың әрқайсысына екі пәтер алуға кепілдік берген", – делінген елордалық полиция департаментінің хабарламасында.

Күдікті алаяқтық жасағанын мойындады, ол ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты Қылмыстық Кодекстің 190-бабының 4-бөлігі ("Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық") бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, оның елорда аумағында жасалған осындай қылмыстарға қатысы бары анықталды.

Полицейлер атап өткендей, бұл қылмыс мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыра отырып, жазаланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995916-astanalyqtar-memlekettik-baspana-alamyz-dep-alayaqqa-45-million-tenge-berip-qoigan/

pixel