Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында 25 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Опубликовано:

Егістік даласы
Егістік жер. Көрнекі фото: Pexels.com

Жетісу облысы Ақсу ауданында пайдаланылмай жатқан 25 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Қайтарылған жердің негізгі бөлігі төрт ауылдық округке тиесілі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Хабар 24 арнасының хабарлауынша, Ақсу ауданының прокуратурасы жер учаскелерінің иелері егіс алқаптары туралы есептерді уақытында жібермегенін, ал малшылар онда ұсталуы тиіс малдарын есепке алмағанын анықтаған. Тағы 220 мың гектар жер игерілмей жатқаны белгілі болды. Қазір олардың бір бөлігін мемлекет қорына қайтару жұмыстары жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Ақсу облысы прокурорының орынбасары Әділет Сабырбаев жерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесіне қатысты пікір білдірді.

"Ақсу ауданында пайдаланылмай жатқан 179 мың гектар жер анықталды. Аталған учаскелер бойынша аудан прокуратурасы уәкілетті органдарға ұсыныс енгізді. Қарау қорытындысы бойынша аталған жер учаскелерінің меншік иелеріне хабарламалар табыс етілді және алып қою рәсімі басталды. Егер бұл жер телімдерінің пайдаланылмай жатқаны анықталса, онда олар мемлекет кірісіне мәжбүрлеп қайтарылады", – деп түсіндірді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995933-zetisu-oblysynda-25-myn-gektar-zer-memleket-mensigine-qaitaryldy/

pixel