Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өте баяу жүріп жатыр": Тоқаев Маңғыстаудағы тас жолды жөндеу жұмысын сынға алды

Опубликовано:

Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Telegram/БОРТN1

Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесуде президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі жол мәселесін көтерді, деп хабарлайды Telegram-дағы БОРТ N1 арнасы.

Мемлекет басшысының сөзінше, "Бейнеу - Шалқар" тас жолының құрылысы баяу жүріп жатыр.

"Автомобиль жолдарының сапасын жақсартуға ерекше мән береміз. Мен бұған дейін "Бейнеу-Шалқар" тас жолы құрылысының маңыздылығы жөнінде айттым. Жұмыс өте баяу жүріп жатыр. Үкіметке құрылысты бастау үшін қажетті құжаттарды жедел дайындауды тапсырамын", - дейді президент.

Сонымен қатар, президент үкімет пен әкімдікке облыстық деңгейдегі жолдың сапасын жақсарту жұмыстарын қолға алу керектігін айтты.

"Өңір тұрғындары облыстық деңгейдегі жолдың сапасы жөнінде жиі шағым айтады. Үкімет әкімдікпен бірлесіп, "Ақтау – Форт-Шевченко", "Таушық-Шетпе" жолдарын жөндеуге келесі жылдан бастап кірісуі керек. Жол сапасы – әр аймақтың даму деңгейін айқындайтын басты көрсеткіштің бірі", - дейді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, азаматтар дамудың нәтижесін жиналыстарда емес, күнделікті өмірде көріп, сезінуі қажет.

Сондықтан, президенттің айтуынша, экономиканың тұрақты дамуына тың серпін беру үшін облыстың инвестициялық әлеуетін арттырған жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996028-ote-bayau-zurip-zatyr-toqaev-mangystaudagy-avtomobil-zoldaryn-zondeu-zumystaryn-synga-aldy/

pixel