Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қаңтар оқиғасында ұрланған қанша қару-жарақ табылмады: ІІМ жауап берді

Опубликовано:

Қару-жарақ
Көрнекі фото: Polisia.kz

ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде осы сағатқа дейін билік органдары қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарудың қаншасын тапқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әділов қаңтар оқиғасы кезінде көптеген қызметтік және азаматтық қарулардың ұрланғанын еске салды. Яғни оның 2960-тан астам қару екені нақтыланды.

"Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 934 қару табылып, тәркіленді. Оның 512-сі табельдік қару, ал 415-і азаматтық. Тек соңғы бір айда заңсыз айналымнан 645 қару қосымша тәркіленді, оның басым бөлігінің нөмірі "өшірілген". Олардың қылмыстық зерттеулерінің нәтижелері бойынша "қаңтар оқиғалары" кезінде ұрланғандарға қатысты 20 бірлік анықталды", – деді спикер.

Оның айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 2026 қарудың қайда екені әзірге белгісіз.

"Оларды анықтау жұмыстары жалғасуда", – деп түйіндеді Әділов.

Аталған брифингте Бас прокуратура өкілі Қазақстанда қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысушыларға рақымшылық жасау басталғанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996113-qazaqstanda-qantar-oqigasynda-urlangan-qansa-qaru-zaraq-tabylmady-iim-zauap-berdi/

pixel