Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал сатирик Көпен Әмірбек өмірден озды

Опубликовано:

Көпен Әмірбек
Көпен Әмірбек. Фото: "Ана тілі" газеті

Танымал сатирик Көпен Әмірбек 73 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Қаралы хабарды ақын, Жазушылар одағының мүшесі Серік Сейітман өз Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақын Серік Сейітман өз парақшасында осыдан бір сағат бұрын "Көңілдеріңізге көп рахмет. Көпен ағам бізді тастап кетті..." деген жазба қалдырды.

Айта кетейік, Көпен Әмірбек 1950 жылы 29 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданына қарасты Ешкіқора елдімекенінде дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Отырардағы халық театрында еңбек жолын бастаған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін 1973 жылы бітіріп, Қиыр шығыста екі жылдық әскерипартия мектебінде оқыған.

1978 жылы Мәскеуде, 1980 жылы Ташкентте өткен бүкілодақтық жас сықақшылар фестиваліне қатысып, "Правда" баспасынан шыққан "Надейся и жди", "Крохотные звезды" атты орыс тіліндегі ұжымдық жинақта әзілсықақтары жарияланды.

Саясисатиралық "АраШмель" журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактор, ғылыми-техникалық "Білім және еңбек" журналында жауапты хатшы, "Қазақ әдебиеті" газетінде сатира және юмор бөлімінің меңгерушісі, "Егемен Қазақстан" газетінде фельетон бөлімінің меңгерушісі, Бас прокуратура мен Жоғарғы сотта баспасөз хатшысы, Қазақ радиосында бас редактор болып қызмет етті. Саяси-қоғамдық сатиралық "Ара.kz" журналының Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы сатира кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді.

Көпен Әмірбек "Қымызхана", "Тамаша" ойын-сауық отауының белсенді авторы ретінде, сондайақ өзі құрған "Көпен келе жатыр!..." атты сатиралық театрымен көрерменге кеңінен танылды.

Президент гранты мен "Парасат" орденінің иегері, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996460-tanymal-satirik-kopen-amirbek-omirden-ozdy/

pixel