Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау тұрғыны әйелімен болған жанжалдан кейін жаза арқалады

Опубликовано:

отбасы
Көрнекі фото: pexels.com

Ақтау тұрғыны отбасылық жанжалдан кейін қамауға алынды. Ер адамға қатысты істі Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сот қарады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының ресми сайты хабарлады.

Сотта анықталғандай,  ер адамға әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде сол әрекет қайталанған, яғни 1 қараша 2022 жылы сағат 17:00 шамасында жанжал шығарып, жолдасын балағаттап, дөрекілік танытқан. Осындай әрекетімен ер адам отбасының тыныштығын бұзған.

Нәтижесінде сот қаулысымен  ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза  арқалады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996575-aielimen-zanzaldasqan-aqtau-turgyny-zaza-arqalady/

pixel