Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда теміржол билеттерінің бағасы қымбаттаған

Опубликовано:

Теміржол вокзалы
Теміржол вокзалы. Фото: mid.gov.kz

Биыл елімізде пойыз билеті 20 пайызға қымбаттаған. Energyprom.kz басылымының мәліметінше, ең қымбат билет оңтүстік өңірде байқалды, деп хабарлайды Астана арнасы.

Биыл қазандағы мәлімет бойынша пойыз билетінің құны бір жылда 20 пайызға өскен. Қазақстандықтар үшін қала маңындағы пойыздарда жүру жылына 16 пайызға, резервтік вагондар 20 пайызға, купе вагондарда жүру 17-18 пайызға қымбаттаған.

Өңірлер бойынша ең қымбат билет - Шымкентте (жылына 56,3 пайыз), Жетісу (45 пайыз) мен Алматы (32,3 пайыз) облыстарында байқалған. Соған қарамастан жыл басынан бері пойызбен шамамен 15 миллион жолаушы қатынаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 33 пайызға артық.

Көбіне пойыз қызметін елорда тұрғындары пайдаланады екен. Одан кейінгі орында Ақтөбе және Қызылорда облыстары тұр. Ал Батыс Қазақстан облысының тұрғындары отарбаға сирек мінетін көрінеді.

А. Базарбай

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996658-qazaqstanda-temirzol-biletterinin-bagasy-qymbattagan/

pixel