jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Тараз қаласының әкімі қанша жалақы алатынын айтты

Тараз әкімі Бақытжан Орынбеков
Тараз әкімі Бақытжан Орынбеков сұхбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/Обожаю

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков журналист Асхат Ниязовпен сұхбатында жалақысының мөлшерін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Обожаю" YouTube-арнасына сілтеме жасап.

Бағдарлама жүргізушісі әкімнен бұрынғы лауазымдардағы табысы туралы сұрады. Бақытжан Орынбеков бұл сұраққа жауап бере келе, қазіргі уақытта Тараз әкімі ретінде қанша жалақы алатынын да айтқан.

"Қазіргі уақытта алатын жалақым қызықтырса, мемлекеттік қызметкер ретінде мен 1 080 000 теңге аламын. Салық шегерімдерін есепке алғанда жалақым 890 000 теңге шамасында", - дейді ол.

Бақытжан Орынбеков Таразда орташа жалақы 180-220 мың теңгені құрайтынын атап өтті. Бұл ретте ол мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы оның құзыретіне, біліктілігіне, еңбек өтіліне және жұмыс тәжірибесіне байланысты екенін жеткізді.

Қала әкімі жеке көлігінің бар-жоғы туралы сауалға да жауап берді. Шенеуніктің сөзінше, өзінің жеке көлігі жоқ, 2013 жылғы Kia қызметтік көлігімен жүреді.

Еске сала кетейік, Бақытжан Орынбеков Тараз қаласының әкімі болып биыл қыркүйек айында тағайындалған болатын.

Тараз қаласының әкімі қанша жалақы алатынын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.