Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстаннан Өзбекстанға 180 мың доллар алып өтпек болған

Опубликовано:

Долларлар
Әуежайда тәркіленген қаржы. Фото: Kgd.gov.kz

6 қараша күні Астанадағы Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері қол жүгін тексеру кезінде Ташкентке ұшпақ болған қазақстандықтардан 180 мың доллар тапқан. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайты хабарлайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Комитет 180 мың доллар қаражаттың (83 млн теңгеден астам) декларацияланбағанын атап өтті. Сондай-ақ, ақшаны алып шықпақ болған қазақстандықтар тиісті тұлғаларға кедендік тексеру жүргізуге кедергі келтірген.

"Тәртіп бұзушыларға қатысты материалдар құрастырылып, Қылмыстық кодекстің 234-бабы "Экономикалық контрабанда" бойынша қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау үшін Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді", – деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

Ведомство президенттің наурыз айында қол қойған Жарлығы бойынша 10 мың доллардан асатын валютаны елден шығаруға тыйым салынатынын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996835-qazaqstannan-ozbekstanga-180-myn-dollar-alyp-otpek-bolgan/

pixel