jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстандық режиссер Ұлжан Қолдауова өмірден өтті

Ұлжан Қолдауова
Ұлжан Қолдауова. Фото: Instagram/kazakhfilm_official

Кинорежиссер, сценарист Ұлжан Қолдауова өмірден өтті. Бұл туралы Қазақфильм киностудиясы Instagram парақшасында хабарлады.

Ұлжан Қолдауова 1946 жылы 1 тамызда Қызылорда облысының Қазалы станциясында дүниеге келген. Ол КСРО Кинематографистер одағының мүшесі.

Еңбек жолын 1965 жылы "Қазақфильм" киностудиясында бастаған. Режиссердің көмекшісінен дубляждалған фильмдердің жоғары санатты режиссері мен көркем фильмдердің қоюшы-режиссеріне дейінгі даңғыл жол өтті.ті.

Еңбек жолын 1965 жылы "Қазақфильм" киностудиясында бастаған. Режиссердің көмекшісінен дубляждалған фильмдердің жоғары санатты режиссері мен көркем фильмдердің қоюшы-режиссеріне дейінгі даңғыл жол өтті.

"Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының ұжымы Ұлжан Қолдауованың туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - делінген киностудия жазбасында.

Айта кетейік, ҚазАқпараттың хабарлауынша, Ұлжан Қолдауова 300-ден астам фильмді қазақ тіліне дубляждаумен айналысқан. Сондай-ақ марқұм режиссер ретінде "Айғаным" қысқаметражды және "Намыс" толықметражды фильмдерін түсіріп, Тегеран мен Карловы Варыда өткен кинофестивальдерде бірнеше жүлделі орындарға ие болған.

Қазақстандық режиссер Ұлжан Қолдауова өмірден өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.