Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтаудағы атыс: алты күдікті ұсталды (видео)

Опубликовано:

күдіктілер
Күдіктілер. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Ақтауда кафедегі атыстан кейін алты күдікті анықталып, ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы ІІМ-нің Polisia.kz Telegram-арнасы хабарлады.

Айта кетейік, 12 қарашада Ақтаудағы кафелердің бірінде атыс болғаны туралы хабарланған болатын. Оқиға салдарынан 19 жастағы екі азамат Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген. Олардың біреуі оқ жарақатын, ал екіншісі тізе буынының жабық жарақатын алған болған.

Ведомство мәліметінше, бүгін Ақтау қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері бұзақылық ниетпен кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша 6 күдіктіні анықтап, ұстаған.

"Осы оқиғаға қатысушылардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", - делінген ведомство хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996957-aqtaudagy-atys-alty-kudikti-ustaldy-video/

pixel