Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бірнеше автобус бағытының қозғалысына өзгеріс енгізіледі

Опубликовано:

Фото
Қоғамдық көлік. Көрнекі фото: NUR.KZ

Ертеңнен бастап Алматыда жолаушылардың өтініші бойынша №59, №113 и №205 автобустардың қозғалыс бағытына өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жолаушылар өтініші бойынша 14 қарашадан бастап №59, №113 және №205 бағыттардың қозғалысы өзгереді. Енді олар Құлжа тас жолы мен Бұқтырма көшелерінің қиылысынан қозғалған кезде көпір астына кетіп, Рысқұлов даңғылында кері айналып, жол бойындағы аялдама пункттеріне тоқтап өтетін болады", - дейді Алматы қаласы Көлік холдингінің өкілдері.

Айта кетейік, автобус - Алматыдағы ең сұранысқа ие қоғамдық көлік. Сондай-ақ мегаполисте метро мен троллейбустар жүреді. 2GIS қосымшасындағы ақпаратқа сәйкес, қазір Алматыда 172 автобус бағыты бар.

Жол жүру ақысы қолма-қол ақшамен - 150 теңге, ал ONAY жүйесінің көмегімен - 80 теңге. Оқушылардың, студенттердің және зейнеткерлердің жол жүру ақысы – 40 теңге.

бағыт сызбасы
Бағыт сызбасы: Алматы қаласы көлік холдингі

бағыт сызбасы
Бағыт сызбасы: Алматы қаласы көлік холдингі

бағыт сызбасы
Бағыт сызбасы: Алматы қаласы көлік холдингі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996960-almatyda-birnese-avtobus-bagytynyn-qozgalysyna-ozgeris-engizildi/

pixel