Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда жеңіл көлік аялдамаға соғылып, үш бала жансақтау бөліміне түсті

Опубликовано:

аялдама
Жеңіл көлік соғылған аялдама. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Петропавлда жеңіл көлік аялдамаға соғылып, төрт адам ауыр жарақаттанды. Бұл туралы ІІМ Polisia.kz Telegram-арнасында хабарлады.

Ведомствоға мәлім болғандай, 13 қараша сағат 14.20 шамасында Панфилов көшесі бойында ВАЗ-2108 автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, аялдама павильонына соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 43 жастағы қала тұрғыны мен 2010 және 2015 жылдары туған үш кәмелетке толмаған бала зардап шеккен. Түрлі жарақат алған төрт адамды жедел жәрдем бригадалары қаланың медициналық мекемелеріне жеткізді.

Ведомство медициналық куәландыруға сәйкес ВАЗ-2108 автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі мас күйде болмағанын атап өткен.

"Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша жиналған материалдар істің мән-жайын анықтау және процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне берілді", - делінген құзырлы орган хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996971-petropavlda-zenil-kolik-ayaldamaga-sogylyp-us-bala-zansaqtau-bolimine-tusti/

pixel