Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды (видео)

Опубликовано:

Ақмола облысында арнайы операция кезінде ұсталған күдіктілер
Күдіктілерді ұстау сәті. Фото: Polisia.kz

ІІМ Ақмола облысының кәсіпкерлерінен ақша бопсалаумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, Ақмола облысындағы арнайы операция нәтижесінде ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бөлімшелерінің қызметкерлері жергілікті кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топтың 6 қатысушысын ұстады. Топ мүшелерінің жасы 26-дан 32 жасқа дейінгі жас жігіттер екені анықталды.

"Қоқан-лоққы көрсетіп, күш қолдану арқылы ұсталғандардың жергілікті кәсіпкерлердің бірінен 2,5 млн теңге бопсалап, оның Subaru Outback автокөлігін тартып алғаны анықталды. Сонымен қатар, ұсталғандардың облыс аумағында бірқатар ұқсас қылмыс жасауға қатысы бар екені анықталды", – дейді хабарламада.

Жедел ақпарат бойынша бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдіктілер "ұрылар идеологиясын" ұстанып, оны жастар арасында насихаттаған. Сондай-ақ топ мүшелері қару қолданып, ақша бопсалаған. Олар талап қою үшін жалған сылтауларды қолданған.

"Тінту барысында олардан жәбірленушілерді қорқыту үшін қолданылған есірткі, суық және атыс қаруы тәркіленді. Осы фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі бойынша "Бопсалау" сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – деді полиция өкілдері.

Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997026-aqmola-oblysynda-uiymdasqan-qylmystyq-top-quryqtaldy-video/

pixel