Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада тойда атыс болып, бір адам ұсталды (видео)

Опубликовано:

Қызылордада ұсталған жігіт
Қызылордада ұсталған жігіт. Фото: Т.me/POLICE_of_KZ

Қызылордада болған тойлардың бірінде тапаншамен ауаға от атқан жігіттің видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті. Атыс жасаған қызылордалық тұрғын қамауға алынды. Жағдайдың мән-жайы Polisia.kz ресми Telegram арнасында жарияланды.

Ведомствоның хабарлауынша, 12 қараша күні белгісіз азаматтың газды тапаншамен ауаға оқ атқан видеосы желіде жарияланған.

Құзырлы органдар видеоны тексеру барысында оқиғаның Қызылордада той өткізу кезінде болғанын анықтады. Ешкім зардап шеккен жоқ.

"Аталған дерек бойынша 24 жастағы қала тұрғынына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық"), 484-бабы ("Азаматтық, қызметтік қаруды пайдалану тәртібін бұзу"), 485-бабы ("Газды қаруды құқыққа қарсы қолдану") бойынша хаттамалар толтырылды. Ол 7 тәулікке қамауға алынды", – делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997035-qyzylordada-toida-atys-boldy-video/

pixel