Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қара бүркіт" колониясына жаңа басшы тағайындалды

Опубликовано:

Дархан Нұрекешов
Дархан Нұрекешов. Фото: Қостанай облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

"Қара бүркіт" колониясының жаңа басшысы болып әділет майоры Дархан Нұрекешов тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қостанай облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІМ ҚАЖК төрағасы, әділет генерал-майоры Жанат Ешмағамбетовтың бұйрығымен Дархан Серікұлы "№39 мекеме" РММ бастығы лауазымына тағайындалды.

Жаңа басшыны жеке құрамға Қостанай облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Есенов таныстырды. Ол мекеменің жаңа басшысына шыдамдылық пен қиын жұмысында сәттілік тілеген.

Айта кетейік, Дархан Нұрекешов 2010 жылы Қостанай ҚАЖД академиясын бітірген. Ішкі істер органдарында 2006 жылдың қыркүйегінен бері қызмет етіп келеді. Соңғы атқарған қызметі – "№41 мекеме" РММ бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

"Қара бүркіт" колониясы Жітіқарадан 25 шақырым жерде орналасқан. Мұнда өмір бойына бас бостандығынан айырылған аса қауіпті қылмыскерлер жазасын өтейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997075-qara-burkit-koloniyasyna-zana-bassy-tagaiyndaldy/

pixel