Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Мұхтар Шахановты "Қарттар үйіне өткізіп жібергені" жайлы жалған ақпарат тарады

Опубликовано:

Мұхтар Шаханов
Мұхтар Шаханов. Фото: ontustiktv.kz

Желіде Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мұхтар Шахановты "Қарттар үйіне өткізіпті жіберіпті" деген жалған ақпарат тарады. Осыған қатысты жазушы Құдияр Біләл Facebook парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құдияр Біләлдің сөзінше, әлеуметтік желіде тараған "Мұхтар Шахановты "Қарттар үйіне өткізіп жіберіпті" деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Осыған орай жазушы өзіне көп адам хабарласқанын атап өтті.

"Басын ашып айтайық. Мұның бәрі бос сөз. Бар әңгіме біз Мұхаңмен бірге тамақтанып отырған асханаға жетімдер үйінде тәрбиеленіп, өз еңбектерімен жетістікке жеткен екі жігіт келіп, Мұхаңа сағат сыйлады. Сол әңгіме үстінде біреуі: Балаларын тастап кеткен ата-аналар туралы не айтасыз?" деп сұрады. Мұхаң ондайларды есекке теңеді. Бары осы. Сондықтан біздің кей "достарымыз" өршітіп жатқан жалған ақпаратқа бой алдырмаңыздар", - дейді Құдияр Біләл.

Оның айтуынша, қазір ақын оқырмандарымен кездесіп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997104-zelide-muxtar-saxanovty-qarttar-uiine-otkizip-ziberipti-degen-zalgan-aqparat-tarady/

pixel