Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде алдағы күндері 20 градусқа дейін аяз күтілуде

Опубликовано:

аяз
Аязды күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК 15-17 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы тәуліктерде елдің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі.

Сондай-ақ ел аумағында бұрқасын, көктайғақ, тұман, жылдамдығы 15-28 м/с-қа дейін жететін қатты екпінді жел сақталады.

15 қарашада Қарағанды және Жамбыл облыстарында екпіні 30 м/с-қа дейін қатты жел күтіледі.

Ал аптаның соңында синоптиктер солтүстік-батыс антициклонның әсерінен ел аумағында жауын-шашынның тоқтайтынын және температура фоны төмендейтінін болжап отыр.

Мәселен, түнде солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталықта 10-20 градусқа дейін, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыста 2-10 градусқа дейін, таулы аймақтарда 10-15 градусқа дейін аяз күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997109-elimizde-aldagy-kunderi-20-gradusqa-deiin-ayaz-kutilude/

pixel