Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖД ауа райының нашарлауына байланысты алматылықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

қыс кезі
Қыс кезі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мегаполисте жарияланған дауылдық ескертуге байланысты оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сейсенбі, 15 қарашада Алматы тауларында дауылдық ескерту жарияланды, яғни екпіні секундына 15-20 метр, 23-28 м/с болатын қатты жел күтілуде.

Осыған байланысты құтқарушылар алматылықтар мен қала қонақтарына автокөліктерді ағаш, электр желілері және қатты бекітілмеген құрылыс нысандарының астында қалдырмауды сұрайды.

Сонымен қатар ТЖД екпінді жел кезінде қала тұрғындары ұстануы тиіс кеңестерді жариялады. Құтқарушылар алматылықтарға:

  • ғимараттан көп шықпауға, мүмкіндігінше іште қалуға;
  • терезелер мен есіктерді мықтап жабуға, ауладан, балкондар мен лоджиялардан адамдарды зақымдауы мүмкін тұрмыстық заттарды алып тастауға;
  • көшеде болса, ең жақын кіреберіске немесе дүкенге тығылуға тырысуға;
  • билбордтардың, ағаштардың астына, құрылысы аяқталмаған ғимараттарға, үйлердің қабырғаларына тығылмауға кеңес береді. Өйткені төбеден шифер немесе басқа материалдар құлап кетуі мүмкін.

"Қатты жел кезінде электр сымдарының астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау өлімге әкеп соқтыруы мүмкін", - деп атап өтті ТЖД қызметкерлері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997133-tzd-aua-raiynyn-nasarlauyna-bailanysty-almatylyqtarga-undeu-zasady/

pixel