ҰҚК трансшекаралық қылмыстық топтың мүшесі деген күдіктіні ұстады

Опубликовано:

Түркістан облысында ұсталған күдікті
Күдіктінің ұсталған сәті: ҰҚК ШҚ

Түркістан облысында заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыруға маманданған трансшекаралық қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметінің ресми сайтында хабарланды.

Ведомствода хабарлағандай, 21 қазан күні ҰҚК ШҚ Түркістан облысы бойынша департаменті прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, шекарадан өтуге шектеуі бар адамдарды Қазақстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырумен айналысқан трансшекаралық қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесі бойынша қылмыстық топтың белсенді қатысушысы болып табылатын шетелдік азамат заңға қайшы қызметі үшін 700 000 (жеті жүз мың) теңге сомасындағы ақшалай қаражатты алу барысында ұсталды.

Шетелдік азаматқа және қылмыстық топтың басқа да мүшелеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 394-бабы 2-бөлігі (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған адам қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997143-uqk-transsekaralyq-qylmystyq-toptyn-musesi-degen-kudiktini-ustady/