jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Ұлттық банк Қазақстанда қандай банкноттардың жиі қолдан жасалатынын айтты

Ақша ұстааған ер адам
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан Ұлттық банкінің банкноттар мен монеталарды сараптау басқармасының басшысы Асқат Мұқамадиев жыл басынан бері құны 700 мың теңгеден асатын 250 жалған банкнот анықталғанын айтты, деп хабарлайды реттеушінің ресми сайты.

"Қазақстан Ұлттық Банкі мен екінші деңгейлі банктер 2022 жылдың алғашқы 10 айында 739 650 теңгеге парапар қолдан жасалған 250 ақша белгісін (247 банкнота мен 3 монета) анықтады. Бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 55 пайызға аз (457 жалған ақша белгісі тәркіленді)", – дейді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, биыл номиналы 2 000 теңгелік банкноталар қолдан көп жасалған, яғни 161 дана, бұл жалпы санның 64 пайызы. Одан кейінгі орындарда номиналы 10 000 теңгелік – 27 дана (11 пайыз), 5 000 теңгелік – 24 дана (9 пайыз) жалған банкноталар тұр, қалған 16 пайызы – басқа номиналдарға тиесілі.

Асқат Мұхамадиев қолдан жасалған ақшалардың көп бөлігі Алматыда тәркіленгенін айтты, яғни 126 дана (50 пайыз), одан кейін Шығыс Қазақстан облысы тұр, онда – 59, үшінші орында Астана, мұнда 22 дана жалған ақша тәркіленген.

Қазақстанда жалған банкноталар көп жағдайда компьютерлік техника мен кәдімгі офсеттік қағазда түрлі түсті принтердің көмегімен жасалады. Ақшаны қолдан жасаушылар көрнекі қорғаныш элементтерін түпнұсқаға мейілінше ұқсатуға тырысатын көрінеді.

Ұлттық банк Қазақстанда қандай банкноттардың жиі қолдан жасалатынын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.