Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраудан кейін оралдықтар да газ тапшылығын сезінуде

Опубликовано:

Оралдағы жанармай құю бекетіндегі кезек
Оралдағы жанармай құю бекетіндегі кезек. Фото: Mgorod.kz

Оралда көлік жүргізушілері кейбір жанармай құю бекеттерінде газ тек талон арқылы берілетінін айтып, шағымдануда. Салдарынан жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек пайда болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, кейбір жанармай құю бекеттерінде газ мүлде жоқ, ал кейбірінен сатып алу үшін көлік жүргізушілері кезекке тұруға мәжбүр.

Журналистер бұның себебін білу үшін БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жүгінгенімен, басқарма айдың басындағы деректерді келтірген.

"2 қарашадағы жағдай бойынша газ толтыратын бекеттердегі қалдық 180 тоннаны құрайды", – дейді басқарма басшысы Миржан Нұртазиев.

Сондай-ақ, ведомство бекітілген жоспар бойынша қараша айында БҚО-ға 3,4 мың тонна сұйытылған газ жеткізілуі тиіс болғанын атап өткен. Алайда қазан айының соңында Атырау мұнай өңдеу зауыты Энергетика министрлігіне газ өндіру көлемінің азайғаны туралы хабарлаған.

"Осыған байланысты түпкілікті сатып алушылар үшін (ГҚС, ЖҚС) жеткізу жоспары аясындағы көлем біркелкі 35 пайызға төмендейтін болады", – дейді Нұртазиев.

Сәйкесінше, қараша айында Батыс Қазақстан облысына 2,2 мың тонна сұйытылған газ жеткізілуі тиіс.

"Сегізінші қарашада Атырау мұнай өңдеу зауыты 7-14 қараша аралығында технологиялық қондырғыларда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады. ЖШС-нің толық қуатпен жұмыс істеуі және БҚО тұтынушылары үшін жөнелтілімдерді жіберу мерзімі шамамен 18 қарашаға жоспарланып отыр", – деп қосты Миржан Нұртазиев.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысының тұрғындары да автогаз тапшылығын сезінген еді. Өткен аптада атыраулық көлік жүргізушілері де жанармай құю бекеттерінде газ не мүлде жоқ, не тек талон арқылы берілетінін айтып, шағымданды.

Ол кезде тапшылық мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жұмыстармен байланысты екені айтылды. Мәселені Ақтөбе облысынан қосымша отын жеткізу арқылы шешу жоспарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997165-atyraudan-keiin-oraldyqtar-gaz-tapsylygyn-sezinude/

pixel