Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Соңына дейін күресемін": Хаменова жоғары сот пен халықаралық сотқа дейін шағымданатынын айтты (видео)

Опубликовано:

Бақытгүл Хаменова сот залында
Бақытгүл Хаменова сот залында. Фото: KAZ.NUR.KZ/Әйгерім Сайқын

Бүгін Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменовға қатысты сот үкімі шықты. Пара алды деп айыпталған экс-шенеунік жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда ол үкіммен келіспейтінін, өзінің кінәсіз екенін дәлелдеу үшін жоғары сот пен халықаралық сотқа дейін шағымданатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бақытгүл Хаменова сот залынан босатылған соң журналистерге сұхбат беріп, сот шешімімен мүлде келіспейтінін жеткізді.

"Әділетсіздік пен қиянат салтанат құрған күн болды" деген Хаменова өзіне қолдау білдіріп, қорғаған жұртқа ризашылығын білдіріп, бұл мәселенің әлі нүктесі қойылмағанын айтты.

"Он бір ай бойы тар қапаста жатқанда да ақиқатты айтып, шындықты сөйлеп, күрестім, адвокатыммен бірге күресе береміз. Көріп отырсыздар қаумалаған ел бар. Шындыққа, аққа Құдай жақ.

Осы сәтті пайдалана отырып, ши бөрідей шуалған тобырдың ғайбатына емес, шындықты айтып, шырылдаған, дерек пен дәйекке сүйенген БАҚ өкілдеріне, журналистерге, блогерлерге, еліме, халқыма, он бір ай бойы анама келіп, бір жылы сөздерін арнап жатқан еліме, қаймана қазаққа рахмет айтамын.

Бәрібір де шындық шығады. Соңына дейін күресемін, әлі аппеляциялық сот бар, жоғары сот бар, халықаралық сот бар. Бұл шындықтың жер бетіне шығатынын білемін", – деген Бақытгүл Хаменова бұл істі қорғаушысымен бірге соңына дейін жеткізетінін атап өтті.

Еске салсақ, бүгін Атыраудағы №2 қалалық сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменовамен тағы екі айыпталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты.

Хаменова 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Дегенмен кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты ол жазасын 3 жылдан кейін өтейді. Сондай-ақ Хаменова "Құрмет" орденінен де айырылды. Одан бөлек, оған мемлекеттік қызметте қызмет етуге өмір бойына тыйым салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997227-sonyna-deiin-kuresemin-xamenova-zogary-sot-pen-xalyqaralyq-sotqa-deiin-sagymdanatynyn-aitty/

pixel