Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылдан бастап өрт сөндірушілердің жалақысы қанша пайызға өседі: ТЖМ басшысы жауап берді

Опубликовано:

өрт сөндіруші
Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: pexels.com

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин министрлер кабинетінің кулуарында келер жылы өрт сөндірушілердің жалақысы қаншаға пайызға өсетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдайлар министрінің сөзінше, үш жыл бұрын өрт сөндірушілер айына 65 мың теңге жалақы алған. Ал қазір оның айтуынша, өрт сөндірушілер кемінде 110 000 теңге айлық алады.

"Жалақыны 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10 пайыздан 70 пайызға дейін көтеру жоспарлануда. 70 пайыз - қатардағы қызметкер үшін, қызметке енді ғана кірісіп жатқандар үшін ең жоғары өсім. Ал 10 пайыз өсім - басшылық құрамдағы қызметкерлерге, яғни оған өрт сөндіру қызметінің басшылары, төтенше жағдайлар қызметінің бастықтары жатады", - дейді Юрий Ильин.

Министр сөзін қорытындылай келе, бұл саладағы ең төменгі жалақы 180 мың теңгені құрайтынын атап өтті. Сонымен бірге ТЖМ басшысы бұл өсімнің өз жалақысына еш қатысы жоқ екенін баса айтты.

"Төтенше жағдайлар министрлігі басшылығының жалақысы сөзсіз өспейді, саяси қызметкерлерге жалақы көтеру мәселесі қарастырылмайды", - дейді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тараз қаласының әкімі жалақысының мөлшерін айтқан болатын. Ол айына миллион теңгеден астам айлық алатынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997229-2023-zyldan-bastap-ort-sondirusilerdin-zalaqysy-qansa-paiyzga-osedi-tzm-bassysy-zauap-berdi/

pixel