Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет көрсетілді
Жарияланған күні:
2022 жылдың басынан бері мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 331 мыңнан астам қызмет көрсетілді, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Еңбек министрлігінің дерегі бойынша мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 331 мыңға жуық техникалық оңалту құралын алды, оның ішінде мынадай қызметтер көрсетілді: 7,2 мың – ым-ишара тілі және 25,9 мың – жеке көмекші.
Портал мүгедектігі бар адамдарға өндірушіге, мерзімге және қажеттілікке байланысты техникалық оңалту құралын және қызмет көрсетушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.
Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген техникалық оңалту құралын жеткізу немесе алып кету арқылы алуға болады.
Бүгінгі күні порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 825 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер); 279 техникалық оңалту құралын жеткізуші; 25 мыңнан астам жеке көмекші, 650 ым-ишара тілі, 92 шиапажайда емдеу қызметін жеткізуші және 66 кепілдендірілген әлеуметтік пакет жеткізуші тіркелген.
Бұрын бұл жұмыс жергілікті жерлерде жүргізілген. Нәтижесінде жергілікті және орталық мемлекеттік органдарға көптеген шағым түсті. Порталды енгізу мәселені шешуге мүмкіндік берді.
Осылайша, оның көмегімен 2021 жылы жеке оңалту бағдарламаларының орындалуын 87%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік туды. Сонымен қатар қажетті оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету уақыты сегіз айдан 14 күнге дейін қысқарды.
Ең бастысы, мүгедектігі бар адамдар тұрғылықты жеріне қарамастан қызметтерге және техникалық оңалту құралдарына қол жеткізді.
Дегенмен жеткізушілер қамтамасыз ететін оңалту құралдарының сапасына қатысты сұрақтар әлі де бар.
Бағдарламаны әзірлеу және сүйемелдеу процесін неғұрлым қарапайым және тиімдірек ету, порталдың мобильді қосымшасын жасау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл қадамдар оны мүгедектігі бар адамдар үшін одан да ыңғайлы етеді.
Мамандардың айтуынша, қабылданып жатқан шаралар қызметтер нарығын одан әрі дамытуға серпін береді және жеткізушілерді адал бәсекелестікке ынталандырады.
Еңбек министрлігінен бизнес-процестерді оңтайландыру және Әлеуметтік қызметтер порталын жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны атап өтілді.
Мысалы, қазіргі уақытта жаңа шешімдерді пайдалана отырып, порталдың интерфейсі мен архитектурасын өзгерту бойынша жұмыстар қолға алынуда. Мамандар порталды зағип және нашар көретін жандарға бейімдеу (WCAG 2.1 сипаты) жұмыстарын да жүргізіп жатыр. Сонымен қатар портал арқылы инватакси қызметтерін ұсыну мүмкіндігі талқылануда.
Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану туралы кеңесті қолдау көрсету бойынша байланыс орталығының 1414 бірыңғай нөміріне хабарласып, тілді таңдап, 5 санын басу арқылы алуға болады.
Портал көмек пен қолдауға мұқтаж әрбір адамның өмір сүру сапасын арттырудың тиімді құралына айналды деп үміттенеміз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997243-qazaqstanda-mugedektigi-bar-adamdarga-aleumettik-qyzmetter-portaly-arqyly-300-mynnan-astam-qyzmet-korsetildi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.