Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еңбек министрлігі: Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау жүйесі жетілдірілуде

Жарияланған күні:

человек в инвалидном кресле
Фото: pixabay

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдаудың кешенді жүйесі жұмыс істейді. Тиісті қадамдардың Әлеуметтік кодекс жобасы аясында қалай жетілдірілетіні туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен айтып берді.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 700 мыңға жуық мүгедек адам тұрады. Оның 60%-ы еңбекке қабілетті жастағы адамдар, 26%-ы зейнеткерлер және 14%-ы балалар.

Олардың өмір сүру сапасын жақсарту және қоғамға ықпалдастыру үшін елімізде әлеуметтік қолдаудың кешенді жүйесі жұмыс істейді:

  • Мемлекеттің мүгедектік бойынша сараланған жәрдемақы беруді көздейтін үш деңгейлі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі; әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан кезде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан және жеке компаниялардан төленетін әлеуметтік төлемдер. Бүгінгі таңда үш жерден жиынтық төлемді 530 мыңға жуық адам алады. Төлем мөлшері еңбек қызметі кезінде алынған табыстың 60-100%-ын құрайды;
  • Мүгедектігі бар 54 мың адамға мемлекет кепілдік берген арнаулы әлеуметтік қызметтер, жеке көмекшілердің, әлеуметтік қызметкерлер мен ым-ишара тілі мамандарының қызметтері көрсетілетін әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі;
  • Техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету жүйелері;
  • Өмірлік қиын жағдайлар мен табыстың төмен деңгейі кезіндегі атаулы әлеуметтік көмек. Бұл қолдау түрімен бүгінде 3,8 мың адам қамтылған.

Бұдан басқа, Қазақстанда пилоттық режимде мүгедектік тобын сырттай белгілеу жобасы іске асырылды. Өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша емханаға барып, қажетті тексеруден өту жеткілікті. Одан әрі барлық рәсім оның қатысуынсыз орындалады, ал куәландыру нәтижесі электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетке келеді.

Әлеуметтік қызметтер порталының көмегімен мүгедектігі бар адамдар абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, қызметтерді және техникалық оңалту құралдарын өз бетінше таңдай алады.

Еңбек министрлігінен атап өткендей, порталды енгізу 2021 жылдың қорытындысы бойынша жеке оңалту бағдарламаларының орындалуын 87%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ қажетті құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету уақытын 8 айдан 14 күнге дейін қысқарту, тұрғылықты жеріне қарамастан арнайы әлеуметтік қызметтер мен техникалық оңалту құралдарымен қолжетімділікті қамтамасыз ету көкжиегі кеңейді.

Кедергісіз ортаны құруға ерекше назар аударылуда. Елімізде "Интерактивті қолжетімділік картасы" порталы жұмыс істейді. Оған деректі жергілікті атқарушы органдар енгізеді, ал қандай да бір нысаннң қолжетімділігін мүгедектігі бар адамдардың өздері және олардың бірлестіктері бағалайды.

ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту қарастырылған. Оның шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің өтінім беруден проактивті сипатына көшу жоспарланған.

Ол үшін Отбасының цифрлық картасы аясында азаматтардың өтінішін күтпей-ақ, халықтың ел ауқымындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін автоматты түрде айқындау жоспарлануда.

Мүгедектігі бар адамдардың жеке көмекшілері ретінде отбасыларының жұмыспен қамтылмаған мүшелері тартылатын болады. Олар үшін жалақы, әлеуметтік аударымдар қарастырылады, ал жұмыс уақыты зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтіліне есептеледі.

Сондай-ақ интернат үйлерін ықшамдап бөлу тұрғысында жұмыстар жүргізу көзделуде. Олардың кейбіреулерінде тұратындардың саны бүгінде 300 адамға жетіп, көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер етеді. Сонымен бірге ауылдық жерлерде тұратын мүгедектігі бар адамдардың 45%-дан астамы тек оларды қолдайтын жалпы қызметтерді қанағат тұтуда.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша шағын жинақты ұйымдар ашқан жеке сектор субъектілері арасында мемлекеттік тапсырысты кеңейту бұл мәселені, әсіресе ауылдық жерлерде шешуге көмектеседі.

Тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесіне немесе қандай өмірлік қиын жағдайға тап болғанына қарай әлеуметтік қызметкерлер іс-әрекетінің алгоритмдері кезеңімен-кезеңімен белгіленген арнайы қызметтің қолда бар стандарттары өзектендіріліп, жаңалалары әзірленеді.

Бұл ретте әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж адамдарға арнаулы тауарлар мен қызметтерді, қызмет көрсету ұйымдарын таңдаумен қатар әлеуметтік қызметкерлерді таңдау мүмкіндігі де беріледі.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту мемлекеттің, жеке сектордың, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың өздерінің ортақ қатысуы негізінде жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997245-enbek-ministrligi-qazaqstanda-mugedektigi-bar-adamdardy-aleumettik-qoldau-zuiesi-zetildirilude/