Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында зорлау фактісі бойынша 17 жыл іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Опубликовано:

күдікті
Ұсталған күдікті. Фото: polisia.kz

Павлодар облысында зорлау фактісі бойынша күдікке ілініп, 17 жыл бойы іздестіріліп келген Ресей азаматы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы бойынша "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында іздеуде жүрген 6 адам анықталған.

Мәселен, басылымның хабарлауынша, тәртіп сақшылары Ресейдің Омбы федералдық қылмыстық атқару қызметі іздеу салған күдіктіні ұстаған. 43 жастағы ресейлік азамат 2004 жылы өз елінде зорлау жасады деген күдікке ілінген. Содан кейін ол 17 жылдан астам уақыт тергеуден жасырынған.

Сондай-ақ өткен жылдың қараша айынан бері мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткендіктен жасырынып жүрген 30 жастағы Тәжікстан азаматы да ұсталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997266-pavlodar-oblysynda-zorlau-faktisi-boiynsa-17-zyl-izdeude-zurgen-kudikti-ustaldy/

pixel