Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында дүкеннен шыққан өрт салдарынан көршілес тұрған үй толық жанып кетті

Опубликовано:

Өрт сөндіруші
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы облысы Қарасай ауданы Ұлан ауылында азық-түлік дүкені мен көрші тұрған тұрғын үйлер өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылым мәліметінше, оқиға 14 қараша сағат 00:06-да болған. Дүкенде электр желісінен шыққан өрт ғимаратты күлге айналдырған. Сондай-ақ дүкен жанындағы екі баспананың бірі толықтай, ал екіншісінің шатыры жанып кеткен.

"Мен үш баламмен далада қалдым. Туыстарымыздың үйінде босып жүрміз. Дүкеннің иесінен шығынды өтеп беруді сұрап отырмын. Бірақ ол келісер түрі жоқ. Маған келген шығын 8 млн теңге. Енді сотқа жүгінеміз", - дейді баспанасы өртенген Тимур Титаренко.

Ал азық-түлік дүкенінің иесі 33 млн шығынға батқанын айтқан.

"Бір де бір затты алып шыға алмадық. Әп-сәтте өртеніп кетті. Дүкенге көрші тұрған екі баспананың шығыны - 11 млн теңге. Өзім 33 млн теңгенің тауарынан айырылдым. Қазір көршілерге беретін көк тиын жоқ. Олар түгел төлеп бер деп талап етіп отыр", - дейді дүкен иесі Мадина Досанова.

Басылымның хабарлауынша, оқиға орнына шақыртудың жоғары дәрежесі бойынша өртке қарсы қызмет дереу жіберілген. Қашықтық 15 шақырым болғандықтан өрт сөндірушілер 25 минутта келген. Өрт 01:51-де сөндірілген.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997270-almaty-oblysynda-dukennen-syqqan-ort-saldarynan-korsiles-turgan-ui-tolyq-zanyp-ketti/

pixel