Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында жеке тұрғын үйден алтын өңдейтін заңсыз жерасты цехы анықталды

Опубликовано:

заңсыз цех
Заңсыз цех. Видеодан кадр: instagram.com/zhambyl_police

"Браконьер" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Мойынқұм ауданының полицейлері құрамында бағалы металдар бар шикізатты, тастарды заңсыз өңдеумен айналысатын жерасты цехының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Жамбыл облыстық Полиция департаменті Instagram парақшасында.

Ведомство мәліметінше, жеке тұрғын үйді тексеру кезінде электрлік ұнтақтау диірмені, ұнтақталған кеннің қалдықтары, елек, магнит, таситын арбалар, күректер, сынапты сұйықтық, 2 үлкен қазандық және 10 тоннаға жуық алтын кені табылған.

Полиция қоймада 30 және 58 жастағы екі жұмысшы болғанын мәлім етті. Ұсталғандардың айтуынша, олар ақылы түрде жұмыс жасаған. Полиция қызметкерлері цехтың қожайыны - 37 жастағы жергілікті тұрғынды да анықтап, ұстаған.

"Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 295-1-бабы 1-бөлігі (Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды", - делінген департамент хабарламасында.

Облыстық ПД баспасөз қызметі қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залал көлемі анықталу үстінде екенін жеткізді. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997273-zambyl-oblysynda-zeke-turgyn-uiden-altyn-ondeitin-zansyz-zerasty-cexy-anyqtaldy/

pixel