Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында BMW көлігі адамдар тұрған автобус аялдамасына соғылды (видео)

Опубликовано:

оқиға орны
Оқиға орны. Фото: Telegram/polisia.kz

Түркістан облысында BMW көлігі адамдар тұрған аялдамаға соғылды. Оқиға орнынан видео жарияланды. Бұл туралы Polisia.kz Telegram арнасы хабарлады.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына жетісайлық полицейлер жедел жеткен.

Белгілі болғандай, бiр бағытта келе жатқан BMW-525 маркалы автокөлігі мен Lada granta соқтығысқан. Салдарынан BMW-525 көлiгiнiң жүргiзушiсi рөлге ие бола алмай, жолдың оң жақ бетінде орналасқан аялдаманы соққан. Ал аялдамада орналасқан тамақтану орнында екі даяшы жұмыс істеп жатқан. Жол апаты салдарынан екі даяшы мен автокөлік жүргізушілері Жетісай аудандық ауруханасына дәрігерлерге жүгінген. Ведомствоның мәліметінше, қазіргі таңда жағдайлары жақсы.

ІІМ тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады. Сараптама тағайындалған. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Жол апатына қатысушы жүргізушілерге Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабымен хаттама толтырылған. Ведомство алдағы уақытта сараптама қорытындысымен кінәлі жүргізуші жауапқа тартылатынын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997292-turkistan-oblysynda-bmw-koligi-adamdar-turgan-avtobus-ayaldamasyna-sogyldy-video/

pixel