Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында қару-жарақ сақталған қойма анықталды

Опубликовано:

Қару-жарақ
Қару-жарақ. Фото: Polisia.kz

Алматы облысында тағы бір қару-жарақ сақталған қойма анықталды. Полиция бөлімінің тергеушілері ТТ маркалы тапаншаны, патрондарды, граната мен бронежилетті Іле ауданында орналасқан қараусыз үйшіктен тапқан, деп хабарлайды Polisia.kz.

Атыс қаруының сақталған орны туралы ақпарат Алматы облысы полиция департаментіне ағымдағы жылдың 15 қарашасында келіп түскен.

"Іле ауданының полиция бөлімшесінің тергеушілері ТТ маркалы тапаншаны, патрондарды, граната мен бронежилетті тәркіледі. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу басталды. Ол аталған бөлімше тергеушілеріне тапсырылды", - деп хабарлады полиция департаменті.

Полиция мәліметінше, табылған қарудың кімге тиесілі екенін сот - баллистикалық сараптама анықтайтынын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997314-almaty-oblysynda-qaru-zaraq-saqtalgan-oryn-anyqtaldy/

pixel