Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Tiktok арқылы балалардың жалаңаш суретін сатып алған деген күдікпен Ақтөбе облысының тұрғыны ұсталды

Опубликовано:

Кәмелетке толмаған балалар
Кәмелетке толмаған балалар. Фото: pexels.com

Алматы қаласы Алатау ауданының прокуратурасы "Тiktok" әлеуметтік желісі арқылы 7-10 жасар кәмелетке толмаған қыздардың жалаңаш суретін сатып алған деген күдікпен Ақтөбе облысының 27 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасы.

Прокуратура мәліметінше, күдікті балаларға жалаңаш сурет жібергені үшін сыйақы берген және бұл жағдайды ата-аналарына айтпауды өтінген. Сонымен қатар күдікті алған суреттерді шетелдік әлеуметтік желіге жариялаған.

Алматы прокуратурасының мәліметінше, күдіктінің әрекеті кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды дайындау және айналымға салу яғни қылмыстық кодекстің 312-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша алдын ала анықталған.

Қазіргі таңда күдікті ұсталып, ол тергеу изоляторына қамалды. Оған 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы төніп тұр. Осы іске қатысты тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар прокуратура ата-аналарға үндеу жариялап, әлеуметтік желіде балаларды қараусыз қалдырмауды сұрады.

"Құрметті ата-аналар, сізден балаларыңызды қараусыз қалдырмауыңызды сұраймыз. Аталмыш әрекеттердің бәрі балалардың әлеуметтік желілерді бақылаусыз пайдалану себебінен болып отыр", - деді Алматы прокуратурасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997319-tiktok-arqyly-balalardyn-zalanas-suretin-satyp-algan-degen-kudikpen-aqtobe-oblysynyn-turgyny-ustaldy/

pixel