Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қар аралас жаңбыр, қатты жел: Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

қар
Қаладағы жаяу жүргіншілер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Сәрсенбі, 16 қарашада Қазақстанның ірі қалалары – Алматы, Астана және Шымкентте күн жауын-шашынды, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет РМК ресми сайтында.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматыда қар аралас жаңбыр жауады, ал ауа температурасы нөлден жоғары болады, термометр бағанасы +1...+3 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетеді.

Метеорологтардың болжамына сәйкес, Астанада қар жауып, жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с дейін күшейетін жел тұрады. Ауа температурасы -4...-6 градус болады.

Ал Шымкентте синоптиктердің болжауынша, жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Мегаполисте ауа температурасы +1...+3 градусқа дейін көтеріледі.

Еске сала кетейік, еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997329-qar-aralas-zanbyr-qatty-zel-bugin-elimizdin-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel