Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

22 градусқа дейін аяз: алдағы үш күнде ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Қаладағы тұман
Тұман. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге, яғни 16-18 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері республиканың көп бөлігіне Солтүстік-Батыс антициклоны ықпалын тигізеді.

Сол себепті ел аумағында жауын-шашынның қысқа мерзімге тоқтауы және температураның төмендеуі күтіледі.

Сондай-ақ, республика бойынша желдің күшеюі (15-23 м/с), көктайғақ, тұман, солтүстікте, шығыста және орталықта бұрқасын күтілді.

Одан бөлек, солтүстікте қар, оңтүстік пен батыста қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

Түнде солтүстікте, шығыста, орталықта 8-22 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997430-22-gradusqa-deiin-ayaz-aldagy-us-kunde-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel