Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ALA жазуы ғарыштан көрініп, Алматы бағы Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

Опубликовано:

Алматыдағы ALA әріптері формасындағы бақ
ALA әріптері формасындағы бақ. Фото: instagram.com/daut.shaikhislamov

Алматыда қаланың халықаралық коды – ALA әріптері формасында бақ отырғызылып жатыр. Әріптер формасындағы бақ әуе кемесі қонуға дайындалғанда борттағыларға көрінетіндей етіп отырғызылған, ол ғарыштан да көрінеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Телеарнаның хабарлауынша, ертең, 18 қараша күні қоғам қайраткерлері Алматы әкімдігімен бірлесіп ALA бағын отырғызуды аяқтайды. ALA әріптері ғарыштан көрінетіндіктен, Гиннестің рекордтар кітабына енуге үмітті.

Әріптер формасындағы бақ әуе кемесі қонуға дайындалғанда борттағыларға көрінетіндей етіп отырғызылған.

"Дүниежүзілік тарихта қалуға тырысамыз. Бұл бірегей бақ Гиннестің рекордтар кітабына ағаштан отырғызылған ең үлкен сөз ретінде кіре алады", – дейді жоба авторы, продюсер Дәуіт Шайхисламов.

Автордың айтуынша, 3 гектардан аса алқапқа бойы екі метрлік 2,5 мың қылқан жапырақты арша отырғызылған.

"Ағаштар – болашақ ұрпаққа мұра. Олар ондаған жылдар бойы өсіп, жасыл желекті қалыптастырып, ең маңызды адами құндылықтарды бейнелейді. Осы белгі арқылы біз қалаға деген сүйіспеншілігімізді бөлісеміз", – дейді Дәуіт Шайхисламов.

Бақ Алатау ауданында, Момышұлы көшесінің шығысында, Мөңке би көшесінің солтүстігінде, ЖЭО-2 аумағының жасыл, санитарлық-қорғау аймағында орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997626-ala-zazuy-garystan-korinip-almaty-bagy-ginnestin-rekordtar-kitabyna-enui-mumkin/

pixel