Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сайлауға байланысты "қашықтан оқуға" ауысу: Елорданың Білім басқармасы қауесеттерге жауап берді

Опубликовано:

Онлайн білім алып отырған оқушы
Онлайн оқу. Көрнекі фото: Рexels.com

Астана қаласының Білім басқармасы президент сайлауы қарсаңында оқушыларды онлайн оқытуға көшіру туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мектептің ата-аналары отыратын чаттарда 18 және 21 қараша күндері оқушылардың онлайн оқитыны туралы хабарлама тарады.

Бұл хатқа елордалық білім басқармасы KAZ.NUR.KZ тілшісіне түсініктеме беріп, оның жалған екенін айтты.

Бұған дейін Астана әкімдігі 20 қарашада президент сайлауы өтетін күні елордада автобуспен жүру тегін болатынын хабарлаған болатын. Ол акция қалалық автобустармен қатар қала шетінен келетін қоғамдық көліктерге де қатысты болмақ.

Сондай-ақ сайлауға алғаш рет дауыс беруге келгендерге сыйлық беріле ме деген мәселе жайлы да хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997665-sailauga-bailanysty-qasyqtan-oquga-auysu-elordanyn-bilim-basqarmasy-qauesetterge-zauap-berdi/

pixel