Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құлаған оқушыны басып өткен": Желіде Талғар мектебінде түсірілген видео тарады

Опубликовано:

Талғар мектебіндегі киім ілетін бөлме
Оқушылар мектептің киім ілетін бөлмесінде. Фото: Instagram.com/kris_p_talgar

Талғар мектептерінің біріндегі киім ілетін бөлмеде оқушылар кептеліп қалды. Білім мекемесінің басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрдан бір топ мектеп оқушысының киім ілетін бөлмеде бір бірімен сығылысып, улап-шулап шығып жатқанын көруге болады. Кафель төселген еденде құлап жатқан қызға ешкім мән бермей, үстінен аттап, басып өтуде.

"Мектептегі жағдай. Оқушылар киім ілетін бөлмеден шығуда, бірақ құлаған оқушыны аттап өтіп жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Белгілі болғандай, оқиға кеше, 17 қараша күні Талғар мектептерінің бірінде болған. Алматы облысының әкімдігі баланың зардап шекпегенін, бірақ соған қарамастан білім беру мекемесінің директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

"Оқиға болған кезде кезекші мұғалім шыға берісте тұрған, 6-сынып оқушысы кептелістің ортасында қалып, құлап қалған. Оған орнынан тұруға сыныптастары мен кезекші мұғалім көмектесті. Оқушы есінен танып, құлаған жоқ.

Еңбек кодексінің 64-бабы 2-тармағына сәйкес мектеп директорына оқу-тәрбие жұмысындағы жіберілген кемшіліктері үшін сөгіс түрінде тәртіптік жаза жарияланды. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алдын алу бойынша жұмысты күшейту туралы нұсқау берілді", – деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997774-qulagan-oqusyny-basyp-otti-talgar-mektebindegi-keptelis-videoga-tusti/