Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралдан Алматыға ұшқан ұшақ шұғыл түрде Ақтөбеге қонды

Опубликовано:

Ақтөбе әуежайы
Ақтөбе әуежайы. Фото: Instagram.com/aktobe_airport_official

Орал – Алматы бағытындағы FlyArystan рейсінің жолаушылары оңтүстік астанаға бүгін, 18 қараша күні сағат 06.15-те келуі керек болған. Алайда ұшақ Ақтөбе әуежайына шұғыл қонды. Жағдайға көліктегі ПД түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ My City басылымына сілтеме жасап.

Жолаушылардың айтуынша, ұшақта мас күйінде болған жолаушылардың бірінің жағдайы нашарлап, әуе лайнері Ақтөбеге қонған.

"Рейсті әуелі 18 қараша күні сағат 18:00-ге кейінге қалдырған, енді түн ортасына шегерді. Таңертең таңғы ас сұрағанбыз, олар бізге тамаққа талон берді", – деді жолаушылардың бірі.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі ұшақтың Ақтөбе әуежайына сағат 05.20-да шұғыл қонғанын хабарлады.

"1963 жылы туған жолаушының денсаулығының нашарлауына байланысты ол Ақтөбе қалалық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды", – деп түсіндірді ведомстводағылар.

Ер адам дереу ауруханаға жатқызылғандықтан, жолаушының мас болуы мүмкін екені туралы ақпаратқа түсініктеме берілген жоқ. Басылым Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы мен әуе компаниясынан да түсініктеме сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997812-oraldan-almatyga-usqan-usaq-sugyl-turde-aqtobege-qondy/

pixel