Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Демалыс күндері ел аумағында 23 градусқа дейін аяз күтіледі

Опубликовано:

күн райы
Қыс мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазгидромет РМК 19-21 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Метеорологиялық қызмет оны атмосфералық фронттардың өтуімен байланыстырып отыр. Нақтырақ айтқанда, солтүстікте қар, республиканың қалған бөлігінде аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ, тұман болуы мүмкін.

Ал 20 қарашада республиканың шығысында қатты қар, оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын, солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталықта бұрқасын күтіледі.

Одан бөлек, түнде солтүстік-батыста және солтүстікте 15-23 градусқа дейін, шығыста 12-20 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997826-demalys-kunderi-el-aumagynda-23-gradusqa-deiin-ayaz-kutiledi/

pixel